Жаңалықтар

Түркістанда 13 жасар қыз анасы телефон сатып алып бермегені үшін үйінен кетіп қалған

Түркістанда 13 жасар қыз анасы телефон сатып алып бермегені үшін үйінен кетіп қалған
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті 20.07.2024 02:30 2448

Түркістан қаласында анасы ұялы телефон сатып алып бермегені үшін оқушы қыз үйінен кетіп қалған. Жасөспірім бір тәуліктен соң табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция басқармасына кешкі уақытта жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. 13 жасар жасөспірім қызды анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздеу жұмысына кіріскен.

Тәртіп сақшылары тәулік ішінде қыздың жүрген жерін анықтап, оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Жас қыз анасына ұялы телефон алып бермегені үшін ренжісіп, үйінен шығып кеткен. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды. Жасөспірім аман-есен анасына тапсырылды. Іздеуге атсалысқан полицейлерге қала тұрғыны алғысын білдірді. Сонымен қатар үйінен себепсіз қашып кеткен қыз бен оның анасына профилактикалық әңгімелесу жүргізілді,-делінген облыстық ПД хабарламасында.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға