Жаңалықтар

Түркістан тұрғынының көлігін заңсыз айдап кеткен азамат анықталды

Түркістан тұрғынының көлігін заңсыз айдап кеткен азамат анықталды
Фото: © Polisia.kz 07.08.2023 18:00 1033

Түркістанда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен азамат анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, жол үстінде кездескен жолаушы оның Mitsubishi автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткен.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алынды.

Оқиға орнына жылдам жеткен жедел-тергеу тобы көлікті мініп кеткен күдіктіні іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары 3 сағатқа созылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам жол үстінде жүргізушіні тоқтатып, өзін моншаға апаруын сұраған. Артынан көлік иесінің моншада болған сәтін пайдаланған ол автокөліктің кілтін алып, діттеген жеріне айдап кеткен. Полицейлер қолды болған автокөлікті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға