Жаңалықтар

Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы тағайындалды

Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы тағайындалды
Фото: Түркістан қалалық ПД 28.10.2024 07:41 210

Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы болып полиция подполковнигі Жасұлан Қаржаубайұлы Нысанбаев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев таныстырды.

Жасұлан Қаржаубайұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 2003 жылы криминалдық полиция саласынан бастап, Түркістан облысы Полиция департаментінде Криминалдық полиция басқармасында және Ордабасы ауданында басшылық қызметте болған.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Созақ ауданының полиция басшысы лауазымында абыройлы қызмет атқарған.

Еңбек жолында қылмыстардың азаюы мен жедел ашылуына өзіндік үлес қоса білген және мінсіз қызметі үшін ҚР ІІМ, Полиция департаменті тарапынан медальдар, грамоталар, «Алғыс хаттармен» марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға