Жаңалықтар

Түркістан облысының полициясы заңсыз ұйымдастырылған автокөлік жарысын тоқтатты

Түркістан облысының полициясы заңсыз ұйымдастырылған автокөлік жарысын тоқтатты
Фото: polisia.kz 16.07.2024 14:40 586

Полиция жастардың автокөлік жарысының жолын кесіп, жол көлік оқиғасының алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында Түркістан облысы Жетісай ауданының полициясы әртүрлі қалалардан келіп, заңсыз автожарыс ұйымдастыруға тырысқан көліктер ағынын тоқтатты.

Анықталғандай, олар TikTok әлеуметтік желісі арқылы бірқатар автокөлік жүргізушісін заңсыз автожарыс ұйымдастыруға шақырған. Ал полиция дереу сол жерге келіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзушылардың әрекеттерін тоқтатты. Нәтижесінде полицейлер жарысқа шығып бара жатқан 8 автокөлікті айыптұраққа қойып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

Полиция барша жүргізушіні жол ережесін үнемі сақтауға және жол көлік оқиғасына алып келетін маневрларды жасамауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға