Түркістан облысының әкімі Сарыағашта қайтыс болған 5 жастағы қыз баланың ата-анасына көңіл айтты
16.07.2023 14:55
Фото:
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округінде жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған 5 жастағы қыздың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс басшысының Жібек жолы ауылында кісі қолынан қаза тапқан 5 жастағы қыздың шаңырағында болып қайтқан.
"Өте ауыр жағдай. Қайғыларыңызға ортақпын. Жұбатуға сөз табу қиын. Кішкентай балапанның ауыр қазасы бәрімізді күйзелтті. Қазір күдікті ұсталды. Заң аясында қатаң жазаланады", – деді облыс қара жамылған отбасыда болған кезінде.Бұдан бірнеше күн бұрын Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында болған қылмысқа қатысты күдікті ұсталған болатын. Пышақ жарақаттарынан жан тапсырған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілдеде жерленді.
Қайғылы оқиғаға қатысты Мемлекет басшысы пікір білдіріп, арнайы органдарға істі жіті бақылауға тапсырған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

