Түркістан облысындағы мешітте 100 балаға мектеп жабдықтары табысталды
01.09.2024 05:27
Фото:
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысы Төлеби ауданында "Мектепке жол" акциясы аясында 100 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық «Нұр» мешітінде «Білімді ұрпақ - ел болашағы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс барысында мешітте тіркелген 100 оқушыға оқуға қажетті құралдар салынған мектеп сөмкелері үлестірілді.
Аталмыш бастама «Ешенқұлұлы Қуаныш» жеке қорының тікелей демеушілігімен жүзеге асқан. Төлеби ауданының бас имамы Үсен Сауырбаев қор басшылығына алғыс айтты.
Айта кетейік, игі шара жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

