Түркістан облысындағы колонияда тұтқындар бүлік шығарды
21.09.2024 10:32
Фото:
©El.kz/Арман Мухатов
Түркістан облысы ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 қыркүйек күні кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберген.
Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Мекеме әкімшілігінің қоғамнан оқшаулануды қамтамасыз ететін заңды талаптарына топтық түрде бағынбау, топтық бағынбауға қатысу, күш қолдану, өзіне қасақана зиян келтіру арқылы басқа да ауыр зардаптарға әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

