Жаңалықтар

Түркістан облысында жылына 10 тонна құлпынай өнімін беретін жылыжай іске қосылды

Түркістан облысында жылына 10 тонна құлпынай өнімін беретін жылыжай іске қосылды
Фото: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі 28.04.2024 17:36 695
Түркістан облысы Сауран ауданында жылына 10 тонна құлпынай өнімін беретін жылыжай іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудан орталығы Шорнақ ауылдық округінде құлпынай өсірумен айналысатын «МУХИТДИНОВ» шаруа қожалығы іске қосылды. Жеке кәсіпкер Алымжан Мұхитдинов жылыжай шаруашылығын дамытуға заманауи технологияны енгізіп, құлпынай өндірісін қолға алып отыр.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 2024 жылы жұмысын бастаған жобаның инвестициялық құны 300 млн теңгені құрайды. Жаңа технологиядағы жабық топырақтағы құлпынай аумағы – 0,7 гектар.
Қожалық иесінің айтуынша, жылыжай 1 жыл ішінде кемінде 10 тонна өнім береді. Мұнда құлпынайлар ешқандай химиялық тыңайтқышсыз, табиғи жолмен өсірілуде.
Біз өсіріп отырған құлпынайдың сапасы өте жоғары. Петицидтерді мүлдем қолданбаймыз. Табиғи жолмен өсірілетін құлпынайымыз дәмді әрі адам ағзасына қажетті дәрумендерге толы, - дейді қожалық иесі.
Кәсіпкердің айтуынша, өнім негізінен Түркістан қаласы мен аудан тұрғындарына сатылуда. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Алдағы уақытта шаруашылықты 2 есе кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, жылыжайда 10 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға