Жаңалықтар

Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті
Фото: otyrar.kz 25.06.2024 22:07 389

Түркістан облысы Түлкібас - Арыс учаскесінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін 25 маусымда сағат 19.20-да Түлкібас - Арыс учаскесіндегі Менлібай - Көктөбе қиын иінді аумағында болған.

"ҚТЖ" мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жолдан шыққан вагондарды қалпына келтіру үшін Шымкент станциясынан қалпына келтіру пойызы жіберілді. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға жеке компания вагонының доңғалақ жұбының осі сынып кетуі себеп болған.

️Түркістан облыстық ТЖД ақпаратына сәйкес, 8 жабық вагон рельстен шығып кеткен. Оқиға кезінде жоғары вольтты электр желісіне зақым келген, бұл шпалдар мен қураған шөптердің өртенуіне әкеп соққан.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға