Төтенше жағдайлар министрлігі

Түркістан облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жеңіл автокөлік пен "Зил" маркалы жүк көлігі соқтығысты. Оқиға бүгін 16 наурызда күндізгі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің кабинасы жанып кетті. Өрт сағат 16.10-да  сөндірілді.

Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10-ға жуық адам және 3 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.  

Оқи отырыңыз: