Түркістан облысында жоғалған 6 турист құтқарылды
24.08.2025 12:25
Фото:
©El.kz архиві
22 тамыз күні Шымкент қаласының алты тұрғыны (үшеуі ер, үшеуі әйел) Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңына шыққаннан кейін белгіленген уақытта оралмаған. Байланыс та үзілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құтқарушылар «Сырдария–Түркістан» өңірлік табиғи паркі аумағына аттанып, шамамен 5 шақырым таулы аймақты, соның ішінде 1 шақырым өзен бойын жаяу жүріп өтті.
Топ түнде табылды. Әйелдердің бірінің аяғы сынғаны анықталды, сондықтан қалғандары оны өздігінен тасымалдай алмаған.
ТЖМ азаматтарға тауға шыққанда мұқият дайындалып, байланыс құралдарынсыз жолға шықпау қажеттігін ескертеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

