Жаңалықтар

Түркістан облысында жоғалған 4 жасар бала табылды

Түркістан облысында жоғалған 4 жасар бала табылды
Фото: polisia.kz 12.09.2024 11:06 1271

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 4 жасар бүлдіршінді сауда орталығынан тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кешкі уақытта үйінің ауласында ойнап жүріп жоғалып кеткен төрт жасар баланың анасы Созақ ауданының полициясынан көмек сұрады. Оқиғаға бірден назар аударған полиция дереу жеке құрамды жұмылдырды. Кешқұрым болған соң полицейлер уақыт жоғалтпастан еріктілерді де іздеу жұмыстарына қатыстыра отырып, көшелер мен ойын-сауық орындарын аралап, куәгерлерден жауап алды.

Үйлесімді жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде полиция 4 жасар бүлдіршінді үйінен шамамен 3 шақырым жердегі сауда орталығынан адасып жүрген жерінен аман-есен тапты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға