Жаңалықтар

Түркістан облысында жинаулы тұрған 15 тонна шөп жанып кетті

Түркістан облысында жинаулы тұрған 15 тонна шөп жанып кетті
Фото: Видеодан кадр 15.10.2024 00:19 140

Түркістан облысында жинаулы тұрған 15 тоннаға жуық шөп өртенді. Бұл маңда жинаулы тұрған 75 тонна шөпті төтеншелітер өрттен сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Оқиға Төлеби ауданы Біркөлік ауылындағы жеке тұрғын үй аумағында болған. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 275 шаршы метр алаңды шарпыған. Өрт кезінде шаруашылық құрылысы және 15 тоннаға жуық жиналған шөп жанды.

Өрт сөндірушілер жалынның 2000 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 75 тонна шөпті өрттен сақтап қалды. Өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталады,-делінген ТЖМ мәліметінде. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға