Түркістан облысында жасөспірім мазараттағы көктастарды бояп тастаған
03.08.2023 02:02
Фото:
Видеодан алынған кадр
Түркістан облысында белгісіз біреудің мазараттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты сызып, бояп тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жергілікті тұрғын мәлімдеді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.
ҚР ІІМ мәліметінше, мұны 11 жасар кентаулық жасөспірім жасағаны анықталды.
Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала мазараттан көк түсті бояу тауып алып, жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады, - делінген мәліметте.
Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

