Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан облысында жас ұстаз оқушыларды кітапқа баулитын сайт ашты

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының ұстазы  Дәуренбек Нұрқұлов оқушыларға арналған «Оян, қазақ» деп аталатын жобаны қолға алып, сайт ашқан. Жоба - мектеп оқушылары арасында кітап оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, сайтта "Басты бет", "Жаңалықтар", "Kitap Fest", "E-кітап", "Аудио кітапхана", "Үздіктер тақтасы", "Жобаның авторы", "Кері байланыс" сынды айдарлары бар. Бүгінде сайтты 150-ден астам аудан оқушылары пайдалануда. Жобада 200-ден аса кітап қоры жинақталған.

Дәуренбек Сарыағаш ауданындағы №74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Оның сөзінше, жоба жастардың интеллектуалдық және рухани дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, оқушылар түрлі кітаптарды оқу арқылы талқылау және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік алады.