Жаңалықтар

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Фото: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы 25.01.2024 00:02 1077

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында үшем дүниеге келді. 38 жастағы көпбалалы ана Гүлмира Даурбаева үш қызды дүниеге әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәрестелердің салмағы 2 кг, 2300 және 1900 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сарыағаштық батыр ана бүгінде 8 баланың анасы атанды. Үшемдерге туыстары Әмина, Сәбина және Медина есімдерін қойған.

Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжыған. Оның айтуынша, 5 балалы болған соң сәбилі болуды жоспарламай жүрген.

Оқи отырыңыз: 

Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынынымды естігенде басқаша сезімде болдым, - дейді батыр ана.

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған.

Мәліметтерге сәйкес, №1 облыстық перинаталдық орталықта 2023 жылы 158 егіз бен 2 үшем дүниеге келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға