Жаңалықтар

Түркістан облысында түлектер жалғызбасты анаға баспана сыйлады

Түркістан облысында түлектер жалғызбасты анаға баспана сыйлады
Фото: Шардара ауданы әкімдігі 02.06.2024 15:16 481
Түркістан облысы Шардара ауданында мектеп бітіргеніне 10 жыл болған түлектер жалғызбасты көпбалалы ананы қуантты. Төменгі тоғай елдімекеніндегі Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің түлектері ауыл тұрғыны Гүлмира Ибрагимоваға 4 бөлмелі баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
Өз үйінің табалдырығын аттаған жалғызбасты ана көмек қолын созған түлектерге алғысын білдірді. Ол бұл уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.
Әкімдіктің мәліметінше, ауданда мұндай шаралар үрдіске айналып отыр.
Биыл біздің мектеп бітіргенімізге 10 жыл толып отыр. Сондықтан көпбалалы батыр анаға баспана сыйлағанды жөн көрдік. Соңымыздан ерген інілерге өнеге қалдырсақ деген ниетте игі істі қолға алдық. Осы бір үрдіс барлық түлектердің арасында жалғасын тапса деген ниеттеміз, - дейді мектеп бітіргенінен 10 жыл болған түлек Бердіғұл Сансызбай. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға