Жаңалықтар

Түркістан облысында тоқ ұрып, үш бала қайтыс болғаны рас па

Түркістан облысында тоқ ұрып, үш бала қайтыс болғаны рас па
Фото: Әлеуметтік желі 15.03.2024 19:37 1917

Түркістан облысында телефон қуаттағышынан тоқ ұрып, үш бала қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әлеуметтік желіде таралған ақпараттың фейк екенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірқатар Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында телефон қуаттығышнан тоқ ұрып, үш баланың қаза тапқаны туралы жалған ақпарат таратылды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ, - делінген ақпаратта.

Министрлік дүрбелең мен түсінбеушілік тудыруы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін ресми ақпарат көздерін ұстанып, тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға