Жаңалықтар

Түркістан облысында тамшылатып суғару әдісімен күнбағыс өсірілуде

Түркістан облысында тамшылатып суғару әдісімен күнбағыс өсірілуде
Фото: Түркістан облысы әкімдігі 26.07.2024 01:35 819

Түркістан облысы Шардара ауданында тамшылатып суғару әдісімен күнбағыс өсіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан басшысы Арман Қарсыбаев тамшылатып суғару әдісімен 370 гектар жерге күнбағыс өсіріп жатқан «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Жаушықұм ауылындағы шаруа қожалығы түркиялық инвесторлармен бірге 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Шаруа қожалығының басшылығы бұдан бөлек 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр.

Шаруа қожалығы 11  адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамға қосымша жұмыс беріп келеді. Мұнда 23 ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істейді. Күнбағыс өнімін ҚХР, Түркия, Әзербайжан елдері мен ішкі нарыққа өткізуді жоспарлаған.

Алдағы уақытта мемлекеттің қолдауы аясында шаруа қожалығын дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып суғару дүние жүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін, - дейді шаруа қожалығының өкілі Оразалы Шыршықбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға