Жаңалықтар

Түркістан облысында суға батқан 11 адамның біреуі табылды

Түркістан облысында суға батқан 11 адамның біреуі табылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 26.08.2023 12:52 1370

Түркістан облысында суға батқан 11 адамның ішінен 2011 жылы туған тағы бір ұл баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іздеу жұмыстарына 139 адам тартылып, 20 бірлік техника, 2 дрон және 9 жүзу құралы, оның ішінде ТЖД Жедел құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 3 жүзу құралы және 3 техника, Шымкент қ. ТЖД Жедел құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 2 техника, Түркістан облысы ТЖД 67 адам, 2 дрон, 9 техника, ЖАО-дан 35 адам, 4 жүзу құралы, 3 техника, полиция департаментінен 10 адам және 2 техника, "103" қызметінен 3 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылған еді.

Құтқарушы сүңгуірлер су астында жүзу құралдарының көмегімен 2300 ш.м. 42 км өзен түбін сүзіп шықты. Пилотсыз ұшу аппараттарын тарта отырып, 51 км аэровизуалды барлау жүргізілді.

Іздеу жұмыстары құйындылардың, күшті су асты ағындарының, өзен тереңдігінің күрт өзгеруінің, жағалау аймақтарындағы өсімдіктердің тығыздығымен, сондай-ақ өзен түбінде ағаш бұтақтарының жиналуымен қиындай түскен. 

Осы ретте ТЖМ судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым барын еске салады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға