Жаңалықтар

Түркістан облысында шөп тиелген көлік жалынға оранды

Түркістан облысында шөп тиелген көлік жалынға оранды
Фото: ТЖМ 11.08.2024 18:02 384

Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданында шөп тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындар отты өз бетінше сөндіруге тырысып, уақыт жоғалтып алған. Олар жалынға төтеп бере алмайтындарын түсінген кезде ғана хабарлама жіберген, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

"Өрт сөндірушілер шақыру орнына жедел келіп, отты толығымен сөндірді. Бірақ жалын салдарынан жүргізуші қолын күйдіріп, көлік толығымен жанып кетті", – деп қосты ведомство.

ТЖМ өрт туындаған жағдайда дереу 112 немесе 102 нөмірлеріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға