Түркістан облысында шипажайдан өрт шықты
01.12.2024 09:45
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Түркістан облысында ТЖМ қызметкерлері шипажайдағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында шипажай ғимаратының 1-қабатында орналасқан моншаның қаптамасы отқа оранған.
ТЖМ күшімен өрт 6 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 22 адам өз бетінше далаға шықты. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

