Жаңалықтар

Түркістан облысында «Қызылқұм-1» ирригация және дренаж жүйесі қайта жаңартылуда

Түркістан облысында «Қызылқұм-1» ирригация және дренаж жүйесі қайта жаңартылуда
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 31.08.2024 18:17 442

Түркістан облысының Шардара ауданында «Қызылқұм-1» ирригация және дренаж жүйесі қайта жаңартылуда. Жүйе суармалы суды егіс алқаптарына бағыттайды және жерасты суын қажетті деңгейде ұстап тұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда жоба аясында 165 шақырым канал, 155 шақырым коллектор және 706 гидротехникалық құрылысты жөндеу аяқталды. Нәтижесінде бірқатар каналдардың тиімділігі артып, пайдалы әсер коэффициенті 60%-дан 90%-ға дейін ұлғайды.

Жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 12,5 мың гектар егіс алқабына су беру сапасы жақсарады, жыл сайынғы су шығыны 45 млн текше метрге азаяды және жаңадан 2400 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жартысы аяқталды. Қазір Түркістан облысында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен 68 млн текше метр су жинай алатын «Бәйдібек-ата» су қоймасы, сондай-ақ ұзындығы 21,7 шақырым болатын «Сарқырама» каналы салынуда, - деді филиал директоры Қазыбек Бедебаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға