Жаңалықтар

Түркістан облысында қыш күйдіретін құмбыз пештің орны анықталды

Түркістан облысында қыш күйдіретін құмбыз пештің орны анықталды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі 30.06.2024 18:45 751

Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде қазба және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маусым айының басынан басталған жұмысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология және антропология институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.д. профессор Мадияр Елеуов басқарған «Университет археологиялық экспедициясы» ұйымдастырған. Жұмыс тобы «Қарашық өңірінің ежелгі және орта ғасырлық қалалары» атты отандық гранттық қаржыландыруы бойынша жүзеге асырып отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, қазба жұмыстары нәтижесінде Қарашық-1 қаласының шаруашылық аймағында қыш кесектен қаланған ортағасырлық аула ашылды. Сонымен қатар Қарашық-2 қаласының өмір сүрген уақытын анықтау мақсатында көлемі 3×1 метр, тереңдігі 5 метр қазба жүргізіліп, қаланың жасын анықтайтын заттай деректерге қол жеткізді. Қарашық өзенінен өтетін көпірдің жанынан қыш күйдіретін пештің орны анықталды. 

Табылған құмбыздың өзге өңірлерден ерекшелігі - іргесі бұзылмай сақталғанында. Тарихи орынды қазба жұмыстары кезінде археологтар тауып алған. Көне ғимарат маңынан табылған жәдігерлер қазір зертханаға жіберілді. Қай ғасырдың көзі екені сол кезде мәлім болмақ.

Ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіші осы құмданда құйылған болуы мүмкін деп отыр. Бұл нысан өз заманында қыш құятын, күйдіретін орын болғаны мәлім. Мұндай орындардың ғылыми атауы "Құмбыз", "құмдан" деп аталады. Археологтар әзірге бір ғана пешке қазба жұмыстарын жасағанын айтады. Ал маңында тағы да екі-үшеуі бар екеніне анық көзі жетіп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға