©Pixabay.com

Түркістан облысында қар жауды

26.05.2024 22:48

Түркістан облысында жазға бірер күн қалғанда қар жауды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қар Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында жауған.

Синоптиктер Түркістан облысының таулы өңірінде қар жауады деп болжаған.

Жел екпіні - 15-20 м/с дейін, таулы аймақтарда 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ауа температурасы 3-8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, ал түнде -2 градус үсік күтіледі.