Жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер жасөспірім қыздың өмірін құтқарып қалды

Түркістан облысында полицейлер жасөспірім қыздың өмірін құтқарып қалды
Фото: ҚР ІІМ 13.01.2025 15:33 166

Төлеби ауданының полицейлері денсаулығы нашарлаған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, кешкі сағат 18:30 шамасында көше бойында 16 жастағы қыздың денесі құрысып, есінен танып қалды.

Жақын жерде жүрген адамдар жедел жәрдем шақырды. Осы кезде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полицейлер жағдайды байқап, шұғыл оқиға орнына жетті. Бұл сәтте қыз шалқасынан жатып, әрең дем алып, есінен жоғалтып жатты. Тәртіп сақшылары ең алдымен қыздың тыныс алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Полицейлер жедел жәрдемді күтпей, қызметтік автокөлікпен оны аудандық ауруханаға жеткізді, - делінген мәліметте.

Қыз бала қазір ауруханада, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Анықталғандай, жас қыз туған күнге қонаққа бара жатып, күтпеген жерден ауа жетпей, әлсіреген. Жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға