Жаңалықтар

Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді

Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Фото: Түркістан облыстық әкімдігі 06.01.2025 04:29 314

Түркістан облысында санитарлық талаптарға сай келмейтін полигондар реттеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, өңір аумағында жалпы 128 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленген. Оның 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді.

осыған сәйкес 2024-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес 16 полигонның ЖСҚ-сы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Биыл Созақ ауданындағы 3 ҚТҚ полигон орнында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қалдықтарды кәдеге жарату үлесін 26%-ға жеткізу жоспарланып, меже толық орындалды.

Сонымен қатар облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы аясында «Экологиялық тәрбие мен білімді дамыту» іс-шарасы арқылы жасөспірімдер арасында «Қалдықтарды бөлек жинайық», «Табиғатты аялайық», «Қоршаған ортаға ұқыпты қарайық» тақырыптарында түрлі экологиялық акциялар өткізілді, - делінген мәліметте.

Облыстағы ағын су өзен бойларының экожүйесін сақтап қалу мақсатында, сондай-ақ заңсыз құм, тас қазу фактілерін болдырмау және тазалығын сақтау үшін су қорғау аймақтарында орнатылған 35 метр көлеміндегі су қорғау белдеу белгілерін 100 метр мен 500 метр көлемінде қайта бекіту мен орнату жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 150 өзенге, 31 су қоймаға, 2 табиғи көлге (барлығы 183 су нысаны) су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылды.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде 443 қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды. Қоғамдық тыңдаулар нәтижесінде өтінім берушілердің экологиялық жағдайларға зияндылығы жоқ жобалар жергілікті жерлердің тұрғындарының келісімімен қолдау табуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға