Жаңалықтар

Түркістан облысында оқушы қызды пышақтап, мәйітін арыққа тастағандар сотталды

Түркістан облысында оқушы қызды пышақтап, мәйітін арыққа тастағандар сотталды
Фото: видеодан алынған кадр 24.05.2024 11:09 1685

Түркістан облысында денесі арықтан табылған оқушы қыздың өліміне қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аружан Орынбайдың денесі былтыр сәуір айында арықтан табылды.

Оны өлтірді деп, сол ауылдағы жоғары сыныпта оқитын екі ер бала күдікке ілінген. Күдіктінің бірі қызды үйінен шақырса, екіншісі оны өлтірді деп жауапқа тартылды. Олардың бірі үш жылға, екіншісі 16 жылға сотталды.

Апелляциялық сот үкімі алқабилер қатысуымен шықты. Бұған дейін Бейбарыс 16 жылға сотталса, Тасқын бас бостандығынан шектеу жазасымен құтылған еді. Қос тарап та сотты қайта қарауды сұрап, апелляциялық сот төрт айға созылды.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға былтып Түркістан облысының Төрткүл ауылында болған еді. Екі жерінен пышақталған қыздың денесі су астында 7 сағат бойы жатқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға