Жаңалықтар

Түркістан облысында өгей әкесі тепкілеген бүлдіршін ауруханада жатыр

Түркістан облысында өгей әкесі тепкілеген бүлдіршін ауруханада жатыр
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 23.02.2024 20:41 974

Түркістан облысы Сайрам ауданында өгей әкесі қорлық көрсетіп, тепкілеген бала ауруханада жатыр. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалар омбудсмені бұл туралы желі парақшасында жазды. Оның жазуынша, әлеуметтік желіде тараған видео бойынша ақпарат келіп түсе салысымен Түркістан облысының прокуратурасы және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілімен байланысқан.

Қылмыстық іс қозғалды. Баланың өгей әкесі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бала ауруханада жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша бүлдіршін үй жағдайында күйіп қалған. Қазіргі таңда баламен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр. Барлық мән-жағдай тергеу кезінде анықталатын болады деп жазды ол.

Динара Закиеваның мәліметінше, бүлдіршін жүйелі түрде соққыға жығылып келген.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның баланы аяусыз тепкілеген сәтінің видеосы пайда болды. Белгілі болғандай, бейнежазбадағы ер кісі - баланың өгей әкесі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Істің тергелу барысын Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы жеке бақылауына алған.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға