Жаңалықтар

Түркістан облысында мыңнан астам жолаушы қауіпсіз жерге орналастырылды

Түркістан облысында мыңнан астам жолаушы қауіпсіз жерге орналастырылды
Фото: polisia.kz 04.01.2023 13:41 1219

Түркістан облысында боранды күні мыңнан астам жолаушы қауіпсіз жерге орналастырылды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күні кеше Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, қатты желдің әсерінен Бәйдібек, Қазығұрт, Кентау, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандары арқылы өтетін республикалық, облыстық, ауданаралық маңызы бар жолдар жабылды.

Жабылған жолдар бойынша 11 учаскеде Түркістан облысының полицейлері қызмет етті. Аталған учаскелерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция қызметкерлерінің 41 техникасы, ал басқа да құзырлы мекемелерден жолдарды тазартуға жалпы 73 арнайы техника жұмылдырылды.

Полиция, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп 114 автокөлікте болған 261 адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Ал Алматы бағытына қарай жол тартқан 594 автокөлік учаскелерде тұрақтады. Оның ішінде 325-і үлкен салмақты жүк көлігі (фура), 37-сі Газель жүк көлігі, 70-і жолаушылар автобусы, 50-і жолаушылар микроавтобусы, 112-сі – жеңіл автокөлік. Ондағы 800 адам мешіттерге, 400 адам жақын маңдағы қауіпсіз орындарға орналастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға