Түркістан облысында мектеп түлектері ауылға ойын алаңшасын салып берді
26.05.2025 22:35
Фото:
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысы Отырар ауданында осыдан 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер туған ауылына жаңа ойын алаңшасын салып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-интернаттың 2005 жылғы түлектері өздері түлеп ұшқан алтын ұясы мен ауылға осылайша құрмет көрсетуді көздеген.
Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы елге көрсеткен үлгілі істері үшін түлектерге алғысын айтып, арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.
Шара соңында мектептің төменгі сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылып, жарысқа қатысушы командаларға спорттық киім мен футбол доптарын табысталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

