Түркістан облысының тұрғыны мас күйде көлік басқарған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Полиция мәліметінше, оның көлікті мас күйде басқарғаны анықталды.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алькогөлдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алькогөлдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс құжаттар жинақталып, іс сотқа жолданды, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

