Жаңалықтар

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар ұсталды

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар ұсталды
Фото: pixabay.com 19.11.2024 13:40 114

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері Шардара ауданында мал ұрлығын кәсіп еткен адамдар тобын анықтады. Тексеру кезінде күдіктілердің екі мал ұрлығына және аккумулятор ұрлығының екі дерегіне қатысы бары белгілі болды. Күдіктілер түнгі уақытта қоралары үйлерінен алыс орналасқан көршілерінің мүлкін ұрлап, оны сатып, ақшаны бөліп алған. Олар қамауға алынып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған затты сатып алушылардан бірнеше қой мен аккумуляторлар тәркіленіп алынды.

Аталған қылмыс республикалық “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. Қазіргі таңда мал ұрлығының алдын алу мен ашу мақсатында полицейлер ветеринариялық қызметтерді тарта отырып, ұрланған мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың ықтимал бағыттары бойынша күшейтілген блок-посттар қойды. Ауыл шаруашылығы жануарларын өткізу және сою орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға