Түркістан облысында ер адам көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен
Фото: Freepik
Фото: Freepik
16.05.2024 16:42
576
Түркістан облысының Созақ ауданында 26 жастағы ер адам бір үйге екі рет ұрлыққа түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол ұрлаған ақшасын құмар ойынға салып жіберген. Ер адам көршісінің үйіне кешкі уақытта ұрлыққа түсіп, 740 мың теңгеге жуық ақшасын қалтасына басқан.
Құқық қорғау қызметкерлері оның бір апта бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтаған. Ол ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген, – делінген хабарламада.
Қазір күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда асхана мен дүкен бұзылды