Жаңалықтар

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдар таратқан шетелдік ұсталды

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдар таратқан шетелдік ұсталды
Фото: polisia.kz 10.07.2024 23:10 512

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы таяу шетел азаматын ұстады, - делінген мәліметте. 

ҚР ІІМ мәліметінше, күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болып табылатын материалдар бар екі ұялы телефон тәркіленген.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға