Жаңалықтар

Түркістан облысында екі блогер қамауға алынды

Түркістан облысында екі блогер қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.06.2024 13:45 644

Түркістан облысында бопсалау дерегіне қатысы бар 2 блогер ұсталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Түркістан облыстық ПД ҰҚҚКБ және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады.

Олар ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды.

Күдіктілер жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға