Жаңалықтар

Түркістан облысында боранда жоғалған екі азаматтың бірі өлі табылды

Түркістан облысында боранда жоғалған екі азаматтың бірі өлі табылды
Фото: © El.kz 08.02.2024 15:52 1105

Түркістан облысында боран кезінде адасып кеткен екі азаматтың бірі өлі табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейіт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа-райының қолайсыздығынан адасып кеткен еді.

Облыстық ТЖД іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылын паналағанын анықтаса, 1975 жылы туған азамат өлі табылып отыр.

ТЖД өкілдері қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болуға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға