Түркістан облысында бір ауылға көптен күткен газ құбыры тартылды
03.01.2025 23:51
Фото:
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің Ақберді елді мекеніне газ тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл маңызды шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтады.
Жаңа жыл қарсаңында Ақберді елді мекенінің табиғи газға қосылуы – халық үшін қуанышты жаңалық. Қазіргі таңда Шардара ауданының 10 елді мекені, сондай-ақ, Шардара қаласындағы 12 шағынаудан табиғи газбен қамтамасыз етілген. Аудандағы тұрғындардың 98 пайызы газбен қамтылған. Алдағы уақытта да халыққа қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғаса бермек, - деді ол.
Шараға аудан ардагерлері қатысып, өз ризашылықтарын білдірді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

