Түркістан облысында білім саласының қызметкерлерінен 1,5 млрд теңге өндірілді
16.10.2024 12:33
Фото:
©El.kz/Мәди Ысқақов
Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысының прокуратурасының мәліметінше, бүгінгі күні Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты екі іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді. Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды, - делінген мәліметте.

