Жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл мектебінің ұстазы аяқ киім тігіп, табыс тауып отыр

Түркістан облысында ауыл мектебінің ұстазы аяқ киім тігіп, табыс тауып отыр
Фото: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі 04.02.2024 08:05 1305

Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебінің мұғалімі ұстаздықпен бірге бизнесті қатар алып жүр. Майбұлақ ауыл мектебінің көркем еңбек пәнінің оқытушысы Тамара Қорғанбайқызы үй аяқ киімдерін тігіп, жүннен қабырға суреттерін тоқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қолөнер шебері қойдың қырқылған жүнінен шұлық-қолғап тоқумен айналысқан. Жүннен қабырға суреттерін жасауды қолға алған ұстаз кәсібін шәкірттеріне үйретіп келеді.

Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ұстаздың жасаған өнімдері аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындар алған.

(Фото: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі)

Ниет болса кез-келген адам қолөнерді үйреніп, кәсіп ашуға мүмкіндігі бар. Алғашқыда жүннен шұлық, қолғап тоқыдым. Кейін аяқ-киім тігуді үйреніп, үйімдегі балаларыма жасап көрдім. Туыстарым мен ауылдастарым көріп, тапсырыс бере бастады. Синтетикалық қоспасы жоқ, денсаулыққа пайдалы әрі терлетпейтін жылы, ауа өткізгіш үй аяқ киімдеріне сұраныс арта түсті. Тапсырыс көптеп түскенде үлгере алмай қалатын кездер болады. Бір адамның аяқ киімін тоқуға 4 сағат уақытым кетеді. Екі қызым дайын болған өнімді әрлеумен айналысады. Қызығушылық танытқандар келіп, сапасын көріп саудаласпай алып жатыр. Еңбегіме қарай қосымша айына 150 мың теңге табыс тауып отырмын, - дейді шебер.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға