Жаңалықтар

Түркістан облысында алтын сатпақ болған әйел жоғалып кетті

Түркістан облысында алтын сатпақ болған әйел жоғалып кетті
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 03.08.2023 21:38 1612

Түркістан облысында үш күннен бері 38 жастағы әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған Г.Нарджигитованың туыстарынан сұрау барысында оның құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды. Содан әйелдің бір тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.

Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, Мақтаарал аудандық ПБ-ге жергілікті тұрғын, 1985 жылы туған Гүлсім Нарджигитованың жоғалғаны туралы хабарлама 1 тамыз күні түсті. 31 шілде сағат 11:00 шамасында үйінен Дихан ауылына шығып, содан қайтып оралмаған. Факт полиция бөліміне тіркелді.

Егер сізде жоғалған 1985 ж.т. Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабар беруіңізді сұраймыз.

Бұл факт Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға