Түркістан облысында 90 гектарға қауын мен қарбыз егілді
Фото: imperialgarden.ru
Фото: imperialgarden.ru
13.03.2023 13:42
2010
Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақпан айының соңында қауын егуді бастайтын жетісайлық диқандар биыл ауа райына байланысты 10-15 күн кешігіп отыр. Әйтсе де, күн райының жылынғанын тиімді пайдаланған диқандар 93 гектарға бақша дақылдарын егіп үлгерді. Оның 75 гектары қауын, 18 гектарына қарбыз егілген, – делінген хабарламада.
Өткен жылы бақша дақылдары егілген 1311 гектардың 1084 гектарына қауын, 227 гектарына қарбыз еккен Жаңа ауыл ауылдық округінің шаруалары биыл 1500 гектарға бақша егуді жоспарлап отыр. Оның 1300 гектары қауын болса, 200 гектарына қарбыз көшеті отырғызылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте лауазымды тұлғалар ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Келесі жаңалық
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды