Түркістан облысында 6 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алынды
29.01.2025 22:14
Фото:
©El.kz
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6 жасар қызға күрделі ота жасап, асқазанынан ұйысып қалған бір уыс шаш алып шықты. Салмағы 1 келіге жуық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Анасының айтуынша, баланың ауырғанына 1 ай болған. Ол асқазан аймағы ауырсынып, әлсіздік, тәбеттің болмауы, салмағының төмендеуі сияқты шағым айтқан.
Жалпы, мұндай жағдай бала қараусыз қалғанынан болады. Кішкентай балалар түрлі затты аузына салып, ішке зиянды заттар жиналады, - деді облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Мұқағали Темірбеков.
Сондай-ақ ол ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

