Жаңалықтар

Түркістан облысында 40 шетелдік елден шығарылды

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді
Түркістан облысында 40 шетелдік елден шығарылды
Фото: Polisia.kz 18.10.2022 21:00 1994

Түркістан облысында 40 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз келуші» жедел-профилкатикалық іс-шарасының 7 тәулігінде «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзған 602 шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде облыс аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша барлығы 408 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сот шешімімен 40 шетелдік елден шығарылды, ал 39 құқық бұзушы жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.

Сондай-ақ шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз берген Қазақстан Республикасының 157 азаматы мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 28 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысатын 7 шетелдік анықталды.

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі расталып, қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табатынын жеткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға