Жаңалықтар

Түркістан облысында 332,5 мың гектар егіс алқабы сумен қамтылды

Түркістан облысында 332,5 мың гектар егіс алқабы сумен қамтылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 21.11.2024 08:33 329

Биыл суару кезеңінде Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 332,5 мың га егіс алқабын сумен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Қазыбек Бедебаев мәлімдеді. Филиал өңірдің 8170 шаруа қожалығымен суармалы су беру жөнінде келісімшарттар жасасты. Егіс алқабына берілген судың негізгі көлемі «Достық» және «Қызылқұм» магистральдық каналдары арқылы жіберілген. 

Суару маусымына дайындық аясында ұзындығы 560,96 шақырым болатын 265 арна механикалық тазартудан өтті.

Суару маусымында шаруалардан су тапшылығы жөнінде шағым түскен жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су қажетті көлемде берілді. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары субсидиялардың ұлғаюы туралы жаңалықты қуана қабыл алды. Биыл Түркістан облысының диханы Жамантай Бейсенбаев 10 гектар мақта алқабына тамшылатып суару жүйесін орнатты, - деді Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға