ТЖМ

Түркістан облысында 16 оқушы мінген «Газель» өртенді

Автокөліктің жануының тағы бір жағдайы «Шымкент-Самара» автожолында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыды. Жолаушылар көліктен алдын ала шыққан болатын. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан.⚡️

Шақырылған сәттен бастап өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.