Жаңалықтар

Түркістан облысында 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірген күдікті ұсталды

Түркістан облысында 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz 04.06.2024 16:22 1085

Түркістан облысында полиция 13 жыл бұрын валюта айырбастаушыны өлтірді деген күдікпен ер адамды қамауға алды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде он үш жылдан кейін қарақшылық шабуыл жасады және кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады.

Жедел уәкілдер бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды Шымкент қаласында қолға түсірді. Күдікті қамауға алынды.

Анықталғандай, күдікті 2011 жылы мотоциклмен Жетісай қаласының тұрғынына яғни валюта айырбастаумен айналысқан ер азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, оны өлтірген. Содан кейін қалтасындағы 5 мың АҚШ долларын алып, қашып кеткен.

Сол кезде осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру іс-шаралары жүргізілді және полиция базар маңынан күдіктінің мотоциклін тауып, заттай дәлелдемелерді тәркілеген. Полиция 13 жыл бойы жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатпай жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті бұл әрекетін толық мойындады, – делінген хабарламада.  

Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға