ҚР ІІМ

Түркістан облысында 1,3 млн теңгеден астам берешегі бар азамат анықталды

12.05.2025 22:46

Түркістан облысының Төле би ауданында учаскелік полиция инспекторлары «Қорғау» жүйесі арқылы мемлекетке 1,3 миллион теңгеден астам берешегі бар азаматты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Леңгір қаласы көшелерінің бірінде тоқтатылған Mersedes Вenz көлігінің жүргізушіге полиция заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Жүргізуші жауапқа тартылды. 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бейнебақылау камераларын пайдалану «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Түркістан облысының аумағында жол-көлік оқиғаларын азайту мен жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.