Жаңалықтар

Түркістан облысында 121 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Түркістан облысында 121 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 19.08.2023 03:30 1162

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Түркістан облысындағы күрделі жөндеуден өтетін мектептер бойынша Премьер-министрдің орынбасарына депутаттық сауал жолдаған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысындағы жобалық сметалық құжаттары дайын 51 мектепті күрделі жөндеуден өткізу және 70 мектепке жобалық сметалық құжаттар дайындау үшін республикалық бюджеттен қаржы қарастыру өзекті екенін айтты.

Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларына сәйкес, ауылдарда және қалаларда 3 және одан да көп ауысымды оқыту және оқушылар орындарының тапшылығы проблемасын шешетін апатты жай-күйде тұрған, бұзуға жататын мектептердің орнына қуаттылығы 300 және одан да көп, ал республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға іргелес елді мекендерде қуаттылығы 300-ден төмен жалпы білім беру мектептерін салуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңғыртуға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Нәтижесінде Түркістан облысының мектептеріне жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және күрделі жөндеу жүргізу жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады, – деп жауап берді Т.Дүйсенова.

Сондай-ақ вице-премьер Түркістан облысының әкімдігі 121 мектепке күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен шешетінін хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға