Түркістан облысында 11 адам суға кетті: министр пікір білдірді
22.08.2023 10:05
Фото:
GOV.KZ
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Түркістан облысының Сырдария өзенінде 11 адамның суға кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ басшысы іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Іздеу жұмыстары жалғасуда. Төрт отбасы демалыста болған. Олар шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Өкінішке қарай, салдары осындай болып отыр, - деді ол.
Ал тілшінің «қандай да бір лауазымды тұлғалар жауапқа тартыла ма?» деген сауалына:
«Мұның бәрі тергеу шараларының нәтижесіне қарап анықталады» деп жауап қатты.
Айта кетейік, кеше Сырдария өзенінде шомылып жүрген 11 адам суға кеткен. Олардың барлығы бір әулеттің адамдары екені анықталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

